Қазақстанда Қылмыстық кодекстің жаңа 125-1-бабы («Неке қиюға мәжбүрлеу») бойынша алғашқы екі қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.
Екі жағдайда да жәбірленуші ретінде кәмелетке толмағандар жасөспірімдер тіркелген.
«Әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында қабылданған заң аясында неке қиюға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Осы бап бойынша алғашқы қылмыстық істер Шымкент қаласында және Қызылорда облысында тіркелді. Екі жағдайда да жәбірленушілер кәмелетке толмағандар болып табылады», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Заңға сәйкес, әйелді зорлық-зомбылық көрсету немесе мүлікті жоюмен қорқыту арқылы некеге мәжбүрлеген адамға 2 000 айлық есептік көрсеткішке дейін (7,86 млн теңге шамасында) айыппұл, не осындай мөлшерде түзету жұмыстары, немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы қарастырылған.
Егер әрекет салдарынан ауыр зардаптар туындаса, жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін күшейтіледі.
«Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істер прокуратура органдарының ерекше бақылауында», – деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда сталкингке (қудалау) қатысты жаңа бап күшіне енгеннен кейін де екі қылмыстық іс қозғалған болатын.
TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің нәтижелері Қазақстанның білім беру саласындағы Мемлекет басшысының бастамалары мен реформалардың тиімділігін дәлелдеді
Елімізде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының өңірлік филиалдары жұмысын бастады
Өзін Қазақстанмен “жұбататын” Ресеймен жақындасу тым қауіпті – ЕАЭО жиынынан кейінгі саясаттанушы пікірі
