Моңғолия президенті премьер-министрдің отставкасына келіспеді

1441
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ruX9ZtNxyhI37MJdMXDoKxe8lZ9O0gKJn7QzjVtI.webp

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх премьер-министр Занданшатар Гомбожавтың отставкасы туралы парламент қабылдаған шешімімен келіспеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Montsame News Agency-ге сілтеме жасап.

Аталған шешім 17 қазан күні парламенттің пленарлық отырысында қабылданған. 111 депутаттың 71-і үкімет басшысының отставкасын қолдап дауыс берген.

Алайда мемлекет басшысы дауыс беру кезінде рәсімдік бұзушылықтар болғанын және дауыс санау формуласы дұрыс қолданылмағанын айтты. Оның сөзінше, депутаттардың қатысу тізімі 16 қазандағы дерек бойынша алынған, ал дауыс беру күні жаңартылмаған.

«Мұндай рәсімдік кемшіліктер Конституция талаптарын бұзып, заң үстемдігі қағидатына қайшы келеді»,- делінген президент әкімшілігі хабарламасында.

Сол себепті премьер-министрдің отставкасы туралы шешімнің күші жойылды. Президенттің тыйым салған шешімі заңда белгіленген тәртіппен қайта қаралатын болады.

Пікірлер