“Қол көтерген”. Балабақша қызметкері жұмыстан кетті

1008
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/aLtYXli44HXdiyjIBaZqwWGK5qdEUjLuuwrtUq6q.webp

Әлеуметтік желіде балабақша қызметкерінің балаға дөрекілік танытқаны жөнінде бейнежазба тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы баланың анасы Ранида Ералиева хабарлап, дабыл қаққан. Оқиға Орал қаласындағы жеке балабақшаның бірінде болған. Ата-ана балабақша әкімшісі баланы кереуетке лақтырып, кейін еденге тастаған және камера орнатылмаған жертөлеге алып кеткен.

Ранида Ералиеваның сөзіне қарағанда, баланың психологиялық жағдайы нашарлап, денесінде көгерген іздер байқалған. Ата-аналар ай сайын балабақшаға 120 мың теңге төлейді.

Орал қалалық білім беру бөлімі бұл жағдайға байланысты ішкі тексеру жүргізіп, бейнежазбаларды қарап шыққан.

«Балабақша әкімшісі тарапынан балаға орынсыз қарым-қатынас фактісі расталды. Материалдар тергеу органдарына жолданды. Әкімші қызметінен шеттетіліп, тәрбиеші жұмыстан босатылды», — делінген ресми хабарламада.

Бөбекжайда онлайн бақылау жүйесіне ата-аналардың қолжетімділігі қамтамасыз етілді. 

Пікірлер