Украинаға жасалған шабуылдан соң. Франция Ресейге қысымды күшейтетінін мәлімдеді

1770
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/F0JMLw7nwBXyuRfiyhCJQM5tk3nWpqFS5KGy1ffG.jpg

Франция Украина аумағына жасалған соққылардан кейін Ресеге қысымды күшейтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Франция Ресей қарулы күштері жасаған жаппай соққыларды қатаң түрде айыптайды. Біз Украинамен, оның халқымен және билігімен ынтымақтастықтамыз»,-делінген министрлің хабарламасында.

СІМ Париждің одақтастарымен бірге Украинаға көрсетілетін көмекті арттырып, соғысты тоқтату мақсатында Ресейге жасалатын қысымды күшейтетінін жеткізді.

Еске салайық, 14 қарашаға қараған түні Ресей әскері Киев қаласына дрондар мен баллистикалық зымырандар арқылы шабуыл жасаған болатын.

8 қазанда РФ қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов Ресей әскерінің жоспарға сай Украина қарулы күштерінің әскери нысандарына жаппай соққылар жасап жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл операцияларда ұзақ қашықтыққа арналған зымыран кешендері мен ұшқышсыз аппараттарды өндіретін кәсіпорындарды жоюға басымдық беріледі.

Пікірлер