Құлаған қасбет оқиғасы. Ауыр жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болды

838
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Nrg5XsvyxnF9jATBGX0P28g2vqpm5lhWiTFk5UnM.webp

Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлаған кезде тұрғындарға көмек көрсетуге ұмтылып, өзі ауыр жарақат алған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 қарашада ғимараттан құлаған кондиционер Ұлдананы ауыр жарақаттаған. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасаса да, ол 18 қараша күні көз жұмды.

Ұлдана бес жыл бойы фельдшер болып жұмыс істеген. Туыстары оның қауіпті мамандықтан кетуін қалағанымен, ол өз кәсібін ерекше жақсы көріп, өзгеге көмек көрсетуді — адамдық парызым деп білген. Сонымен қатар, ол небәрі бірнеше апта бұрын ғана тұрмысқа шыққан.

Марқұмның күйеуі оның ерлігі мен адамгершілігін айтып, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етті.

«Егер ол мені қазір естіп тұрса, мен оған қатты сағынғанымды және қатты жақсы көретінімді айтқым келеді», — деді ол.

Бұған дейін Астанада тұрғын үйдің сыртқы қабырғасы құлап, бірнеше адам зардап шеккені, ал жедел жәрдем фельдшері Ұлдананың ауыр жараланғаны хабарланған болатын.

Оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатыр.

Пікірлер