"Сотқа беруге болады". Педагог депутаттың сөзіне шүйлікті

465
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/L9KkhEqXfA4mnYaZnXm60hLDEZUDzTVJsz06OLEF.jpg

Белсенді педагог Сәния Нүсіпәлі Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың мұғалімдердің біліктілігіне қатысты пікіріне өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол желідегі парақшасында депутат Ирина Смирнова "Мұғалімдердің жартысынан көбі өз пәндерін білмейді" деген пікір айтқанын, аттестациядан өте алмаған мұғалімдерді сынға алғанын жазған.

Сәния Нүсіпәлі бұл мәлімдемені негізсіз деп бағалап, депутаттан дәлелді жауап беруді талап етті. 

"Анабіреу депутат, мұғалімдердің жартысынан көбі, өз пәнін білмейді депті. Ақпаратты қайдан алған? Ел арасындағы өсек-аяңнан ақпаратты алып соға беретін болған ба? Сауатсыз депутаттар орнын босатуы керек?!
 
1. Дәлелденбеген жалған ақпаратты, мінберде айтқан депутатқа шара қолдану керек. Мұғалімдерді қорлауды осы сияқты өсекші депутаттар бастайды. Бұл депутатты сотқа беруге де, болады. Өйткені, негізсіз ақпарат айтты.
 
2. Бүкіл елдің білім саласына топырақ шашып отыр. Аузым бар деп былшылдай беруге болмайды.
 
3. Педагог дайындап жатқан, жоғары оқу орындарына, тас лақтырып отыр.
 
4. Мұғалім мәртебесін таптап, мұғалімдерге өтірік кінә артып отыр?!
 
Сондықтан ел алдында жауап берсін! Не дәлелдесін.
Өз мандатын халықты қаралап сақтап қалу ма? Жоқ, елде болып жатқан, халықтың үкілеген үмітін жеткізу ме? Әйтеу, парламенттің төрінде бажылдап, өтірік ақпарат айту ма?!" - деп жазды ол.
Пікірлер