«Қайрат» футбол клубының экс-бапкері Кирилл Кекер қайтыс болды. Қаралы хабарды 1 желтоқсанда клубтың баспасөз қызметі жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бүгін 46 жасында «Қайрат» ФК академиясының жетекшісі Кирилл Сергеевич Кекер күтпеген жағдайда өмірден өтті. Бұл — бүкіл клуб үшін орны толмас ауыр қайғы. Он жылдан астам уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді терең күйзелтті»,-делінген хабарламада.
Кирилл Кекер әр жылдары «Қайрат» клубының түрлі құрылымында маңызды қызметтер атқарған. 2022–2024 жылдары сары-қаралардың негізгі командасын бас бапкер болып басқарған. 2025 жылы академияға жетекшілік етіп, Қазақстан U-19 құрамасымен бірге жаңа буын футболшыларын тәрбиелеуге атсалысқан.