«Диалектикалық логика мектебінің негізін салушы». Академик қайтыс болды

854
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/F0XFw8qJ1XTbQnF2o9HJSrRNJSjYPyIPIsAEzrsF.jpg

Белгілі академик, философия ғылымының докторы, профессор Жабайхан Әбділдин 93 жасқа қараған шағында көз жұмды. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көрнекті ғалым және мемлекет қайраткері Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, туған халқына қайғыра көңіл айтамыз.

Жабайхан Мүбәрәкұлы – қазақ ғылымының ең көрнекті өкілдерінің бірі, отандық философия мен диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған бірегей тұлға. Ол ғылымға бүтін бір дәуір сыйлап, теориялық танымның терең мәселелерін зерттеуде өшпес із қалдырды.

Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай!»- делінген хабарламада.

Жабайхан Мүбәрәкұлы 1933 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ғалымның жетекшілігімен 10 ғылым докторы және 40-қа жуық ғылым кандидаты даярланған.

Әбділдиннің еңбектері диалектикалық логиканың теориялық-методологиялық мәселелерін терең талдаумен ерекшеленеді.  Ол 2000 жылы «Барыс» орденінің II дәрежесімен, кейін ТМД Парламентаралық ассамблеясының «Достық» медальдарымен марапатталған. 2022 жылы «Барыс» орденінің III дәрежесін иеленген.

 

 

 

 

Пікірлер