Су да сауда. Қуаңшылық қысқан Иран көрші елдерден су сатып алуға мәжбүр

277
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qg1cPVzb0pwGpV4aIOwhxqlEEVCCpgBghaRq1WtJ.webp

Иранда құрғақшылық күшейіп, су тапшылығы ушығып келеді, Тегеран көрші елдерден су сатып алуға дайын, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елдегі 19 су қоймасының он пайызы толық кеуіп қалу қаупінде тұр.

Иран энергетика министрі Аббас Алиабадидің мәлімдеуінше, Тегеран су қорын қалыптастыру және тапшылықты еңсеру мақсатында көрші мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Біздің басты міндеттердің бірі – елде артық су қорын жинақтау мүмкіндігін қарастыру. Осы бағытта көрші елдермен келіссөздер жүргізілуде. Алайда географиялық ерекшеліктерге байланысты өңірдегі көптеген мемлекеттер де осындай қиындықтарға тап болып отыр. Сондықтан біз Иранға су экспорттауға дайын кез келген елдің мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылып отырмыз», – деді министр.

Бұған дейін ISNA агенттігі елдегі негізгі су қоймаларындағы су деңгейі небәрі 32 пайызды құрайтынын хабарлаған. Ал Fars агенттігінің 8 қарашадағы есебіне сәйкес, 19 су қоймасындағы су қоры 5 пайыздан төмен деңгейге түсіп кеткен.

Иран метеорологиялық қызметі қазіргі күз маусымын соңғы 50 жылдағы «ең құрғақ кезең» деп бағалады. Ресми мәлімет бойынша, жауын-шашын мөлшері көпжылдық орташа көрсеткішпен салыстырғанда 89 пайызға азайған.

Сарапшылар Таяу Шығыста су ресурстарының азаюы климаттың өзгеруімен тығыз байланысты екенін атап өтуде. 

Пікірлер