Ашғабадқа ат басын тіреген. Президент жаңа көлік-логистика жүйесі туралы жайлы айтты

289
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Ni8WP8IUL5QtVvJS2hjOudmQHTDCRURCFuMsSrLo.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі арқылы өтетін және оның маңындағы тасымал жолдарына назар аударды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекет басшысы бүгін, 12 желтоқсанда Ашғабадта Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түркіменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысты.

Тоқаев форумда Каспий теңізі арқылы өтетін және оның маңындағы тасымал жолдары туралы сөз қозғады.

"Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағдарының мүмкіндіктерін тиісті деңгейде кеңейтіп, теміржол, порт, автожол инфрақұрылымын жаңғыртып жатыр. Осылайша, біртұтас транспорт жүйесін қалыптастыруға кірісті. Еліміз Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын әзірлеуге белсенді атсалысуда. Мақсатымыз – орнықты логистика бағыттарын толық іске қосу. Ресей, Қытай, Иран, Түркия, Әзербайжан, Армения, Грузия және басқа да мүдделі мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлескен күш-жігер арқылы тұтас Еуразия кеңістігінде баршамызға тиімді заманауи көлік-логистика жүйесін қалыптастыра аламыз", – деді Президент.

Пікірлер