Абай облысында зейнеткер полицейлердің көлігін өртеді деген күдікке ілінді. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«25 қаңтар күні сағат 18:10-да бұрын сотталған 66 жастағы жергілікті тұрғын учаскелік полиция пунктінің маңында мас күйде болып, заңсыз әрекет жасаған. Ол полицейлерге тиесілі Chevrolet Cobalt және Changan маркалы екі автокөлікті өртеген», — делінген дүйсенбідегі хабарламада.
Бұл факті бойынша тергеу басталған.
«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп толықтырды полиция қызметкерлері.
Ұқсас жаңалықтар
Түс ауа министрлік 30 мың гектар алқап өртеніп жатқанын хабарлады. Ал NASA картасында кемі 44-45 мың гектар деп көрсетіп тұр.
