Жемқорлық үшін сотталғандар депутат бола алмайды

58
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Жаңа Конституция жобасында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған азаматтардың депутаттыққа және өзге де сайланбалы лауазымдарға үміткер болуына тыйым салатын норма көзделген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Аталған талап Конституция жобасының «Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» бөлімінде көрсетілген. Құжатта сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған азаматтардың сайлану құқығы болмайтыны нақты жазылған.

«Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ», – делінген заң жобасында.

Сонымен қатар сот әрекетке қабілетсіз деп танылған және сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан азаматтардың сайлауға да, жалпыхалықтық референдумдарға да қатыса алмайтыны атап өтілген.

Пікірлер