Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ президенті Дональд Трамптан хат келіп түсті, деп хабарлайды "Адырна".
Хабарламаның мазмұнын 2026 жылдың 19 наурызында Қазақстан президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-каналында жариялады.
"Америка көшбасшысы ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алды.
Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді", делінген жазбады.
Ұқсас жаңалықтар
Президент БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесу өткізді
