Иран АҚШ-пен техникалық келіссөздерді тоқтатты

393
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/hZXN2vFD9TW85EBYLeRolJfSsdwJDEMIMM8C90GD.webp

Тегеран Ормұз бұғазындағы ирандық және америкалық күштер арасындағы соққылар алмасуына байланысты жексенбіге жоспарланған Вашингтонмен техникалық келіссөздерді тоқтатты. Бұл туралы 28 маусымда Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысының кеңсесі өкілі Хабиболла Фазаэли мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Техникалық келіссөздер өтуі тиіс еді, алайда Иран оған қатысудан бас тартып, кездесуді тоқтатты. Бұған соңғы күндері болған соққылар алмасуы себеп болды», – деді Фазаэли.

Оның айтуынша, Тегеран техникалық консультацияларды қайта бастамас бұрын бірқатар талаптың орындалуын, соның ішінде бұғаттан шығарылған активтерге қол жеткізуді талап етіп отыр.

Ал Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Ормұз бұғазындағы жағдайға кез келген араласу аймақтағы шиеленістің одан әрі ушығуына алып келетінін мәлімдеді.

28 маусымда Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз және әскери-әуе күштері АҚШ-тың бұған дейін жасаған соққыларына жауап ретінде Кувейт пен Бахрейндегі америкалық әскери нысандарға зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы бірлескен шабуыл жасаған.

Бұған дейін АҚШ әскері Ормұз бұғазы маңындағы Иранмен байланысты нысандарға соққы берген болатын.

Пікірлер