Шымкент қаласының «Астана» алаңы бүгін ерекше мерекелік рухқа бөленді. Республика күніне арналған ауқымды халықтық іс-шара қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңға жинап, елдік пен бірліктің, шаттық пен қуаныштың мерекесіне айналды.
Ұлттық мереке – Республика күніне арналған мерекелік концерттік бағдарламада жергілікті шығармашылық ұжымдармен қатар, елімізге танымал өнер жұлдыздары - Маржан Арапбаева, Қайрат Түнтеков, ӘділетЖауғашар, Сырым Исабаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Еркеш Хасен өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған бұл мерекелік іс-шараның басты мақсаты — ел егемендігі мен тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық бірлік пен отансүйгіштік құндылықтарды ұлықтау.
Республика күні – халқымыздың өткен жолын саралап, тәуелсіздігіміздің мәнін терең түсінуге мүмкіндік беретін маңызды мереке.
Шымкенттегі мерекелік іс-шара осы тарихи күннің мәні мен рухын айшықтап, елдігіміздің тұғырын биіктете түсті.
Мерекелік кеш барысында алаңға жиналған жұртшылық отандық өнерпаздардың өнерін тамашалап, ерекше әсерге бөленді. Әуезді әндер мен көтеріңкі көңіл күйге толы концерт қала тұрғындарының мерекелік қуанышын еселей түсті. Мұндай мәдени іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, қоғамдағы татулық пен ынтымақты нығайтуға да ықпал етеді. Ал ертеңгі мерекелік бағдарлама да қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, Республика күнінің думанын жалғастырмақ.
Кештің әр сәті мерекеге жиналған жұртшылыққа ерекше көңіл күй сыйлап, ортақ қуаныш пен мақтаныш сезімін ұялатты. Әсіресе, отандық өнер жұлдыздарының орындауындағы танымал әндер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік концертті тамашалап қана қоймай, ел тарихындағы маңызды күннің мәнін бірге сезінді. Осылайша, Шымкентте Республика күні кең көлемде аталып өтіп, ұлттық рух пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.
