Астанада өткен іс-шара қазақ тіліндегі ІТ-контентті дамытуға бағытталды.
«Startuphana IT саласында қазақ контентін дамыту, қазақ тілді IT-мәдениетті қалыптастыру жолында еңбектеніп жүрген ақпараттық технологиялар cаласының мамандары мен кәсіпкерлер қауымдастығын қолдау мақсатында өткізілді. Қазақша IT-өнімдердің қоғамнан өз орнын алуы, азаматтардың талғамынан шығуы – стартаптардың бәсекеге қабілетті екенін білдіреді. Осы ретте, біздің талантты жастарымыздың ІТ-саласына ұмтылып жатқандығы қатты қуантады», - деді форумның ашылу салтанатында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.Форумда табысты стартапшылар мен IT-мамандар, блогерлер мен мотиваторлар бизнес және DIGITAL саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, стартаптар, маркетинг, NFT және т.б. тақырыптарды талқылады. Мәселен, 2016 жылы шетелге кетіп, Кремний алқабын бағындырған ІТ-маман, қазірде АҚШ-та әйгілі LinkedIn желісінде аға инженер қызметіндегі Мақсат Қадыров ІТ-салада жетістікке жету тәжірибесі туралы презентациясын қазақтың мақал-мәтелдері негізінде ұсынды.
«Қазір біздің елде айти-мамандар үшін түрлі құралдар бар, жақсы жағдай жасалған. Мысалы, Астана хаб - сондай құралдардың бірі. Егер бұрын осындай мүмкіндіктер болғанда, мен басқа елге кетпес те едім. «Есің барда, еліңді тап» дегендей, мен LinkedIn-нен кетемін деп шештім, қайтадан Қазақстанға ораламын», - деп, алдағы жұмыс жоспарымен бөліскен Мақсат Қадыровтың сөзін жастар қошеметпен қабылдады.Сонымен қатар спикерлердің қатарында «Qamalladin Media» иесі және негізін қалаушы Абылайхан Қамалладин; Yessen & Company халықаралық консалтингтік фирмасының басқарушы серіктесі Азат Есенов; TTС бұлттық және спутниктік технологиялардың өнім менеджері Жігер Қайратұлы; контент-мейкер, кәсіби фотограф, блогер Фархад Молдаш; танымал инстаграм және youtube-блогер Біржан Әшім және т.б. болды. IT-ағартушы, қазақ тіліндегі «IT-тірлік» журналының авторы және құрастырушысы Тимур Бектұр АҚШ-тың Бостон қаласынан онлайн қосылып, инноваторға айналу жолдары туралы әңгімеледі. Ал Astana Hub қызметкерлері Дәулет Беймурзинов мен Әшімбек Әбілғазинов ІТ-стартап жасау барысында қажетке жарайтын оқыту бағдарламалары туралы баяндады.
«Startuphana – бұл қазақ тілінде өтіп жатқан еліміздегі алғашқы ірі ІТ-фестиваль, сондықтан бұл іс-шараға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта біздің ортақ болашағымызға оң әсерін тигізер осындай іс-шаралар көбірек ұйымдастырылады деген үміттемін», - деді форум спикерлерінің бірі, ҚР ҰБ блокчейн орталығының басшысы Айдана Қасқырбек.«Startuphana туралы әлеуметтік желіден білдім және осында келгеніме қуаныштымын. Себебі бүгінгі спикерлерді тыңдап, ІТ-саласында қандай мүмкіндіктер бар екенін білдім және өзімнің болашағыма қажетті бағдар алдым», - дейді форум қатысушысы Әли Қонысов. Еске салсақ, STARTAPHANA Digital Fest-ін Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
«Әркім белгісіз оқу орындарына барып діни білім ала беретін болса, радикализммен күрес тоқтамақ емес»
#ғылым
білім
форум
халықаралық байқау
стратегия
диджитал
сандық технологиялар
технократия
ІТ-фестиваль
Startuphana
