Отандық банктер қаржылық қызмет көрсету кезінде мүмкіндігі шектеулі клиенттерді кемсітуге жол береді. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының депутаты Кенжеғұл Сейітжан айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Елімізде 700 мыңнан астам адам тұрады, олардың 400 мыңнан астамы еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Мүгедектігі бар адамдарда пластикалық карта бар, олар осы арқылы аударым, төлем жасайды, жәрдемақы алады. Яғни қарапайым азаматтар сияқты банк қызметіне жүгінеді. Алайда мүмкіндігі шектеулі жандар үнемі қаржылық кемсітушілікке тап болады,— деді ол.Мәжілісменнің айтуынша, банкте мүгедектігі бар адамдар түрлі кедергімен бетпе-бет келеді.
«Қаржы ұйымдарының қызметін өзгелермен бірдей пайдалана алмайды. Ғимараттарда пандус пен көтергіш жоқ, ал кассалардың терезелері арбадағы адам үшін тым биік. Мобильді қосымшалар мен банкоматтар зағип және нашар көретін адамдарға арналған технологиямен, ал банк карталары брайльмен жасалған тактильді сәйкестендіру белгісімен жабдықталмаған»,—деді Кенжеғұл Сейітхан.
Ұқсас жаңалықтар
Затулинді кеше "Қазақстан кеденшілері елге кіргізбей қойды" деп жазған еді біраз блогер мен кейбір БАҚ. Бірақ оның бүгін Байқоңырда теннис ойнап жүргенін ешкім "көрмей" қапты.
Берік Дүйсембинов: Төрт жыл бұрын ақысы төленсе де Түркістан облысының ауылдарына көгілдір отын неге жетпеген?