Қазақстан мен ҚХР шекарасындағы өткізу пунктері бір күнге жабылады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қытайда тойланатын «Айдаһар қайықтары мейрамына (Дуань У)»байланысты 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөліктік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізілмейді. Теміржолдық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,—деді басқарма.
Ұқсас жаңалықтар
“Балаңызға тесік етікті кигізіп, скотчпен жамап, шекараны қорғауға жібересіздер ме?”: Айман Омарова ҰҚК басшылығын сынға алды
