Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстандағы жұмыс сапары аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты және Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап, арнайы ұйымдастырылған тауарлар көрмесін тамашаларды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі әуежайдан шығарып салды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жұмыс сапары аяқталған Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты", делінген Ақорда хабарламасында.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Қажымұқандай қазақтың рухын танытқан тұлғаның еңбегін лайықты бағаласақ, Джеки Чан тағы бірдеңе-сірдеңе деп жүрмейді жастар"...
