Мароккода 7,2 баллдық жер сілкінісі болды. Елдің ішкі істер министрлігі жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар санын 290-нан асуы мүмкін деп болжады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты, делінген Ақорда хабарламасында.
Жеделхатта:
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын", – деп жазылған.Еске сала кетейік, Мароккода болған үлкен жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 296 адам қаза тапты. Мұндай алдын-ала мәліметтерді Солтүстік Африка Корольдігінің Ішкі істер министрлігі сенбіде, 9 қыркүйекке қараған түні жариялады. Тағы 153 адамның жарақат алып, ауруханаларға жеткізілгені айтылды.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Қосарланған билікке" құштарлық қатері жойылса да, Тоқаевтың президенттік билігі мен жеке басына төнген қауіп түбегейлі қайтқан жоқ
