Зейнетақы қоры Қазақстандағы ең жоғары зейнетақының мөлшерін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дан кестеге сәйкес ай сайынғы ең жоғары төлем мөлшері шамамен 743 мың теңгені құрайды", - делінген ресми сауалға берілген жауапта.Сондай-ақ БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде белгіленіп, Қазақстандағы ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
"2023 жылы 4 151 салымшы жеке зейнетақы шоттарына ең жоғары 350 мың теңге сомасында 5 міндетті зейнетақы жарнасын аударды. Осылайша, 2023 жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге тең, яғни ОПВ 350 мың теңгені құрайды", - деп қорытындылады ведомство.
«Адырна» ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
CNN Жетіжар жайлы жазды. Қазақстандағы 3,5 мың жылдық протогород әлем ғылымының назарын өзіне аударды
АҚШ кедендік бақылау қызметі заңсыз өтпек болғандар арасында Азия және Африка азаматтары көп екенін айтады.