9 қазанда атақты қазақ балуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлына сот үкімі шықты. Бұл туралы Atameken Business сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Нұрасыл Болатқа 1,7 миллион теңге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, осы жылдың көктемінде ерлі-зайыпты адвокат Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ұрып-соғуға қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Оқиға 2023 жылдың ақпан айының 10-нан 11-іне қараған түні Алматыда болған. Шабуыл жасаған адам қатардағы әскери қызметші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 20 жастағы Нұрасыл Болат болып шықты.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметте құртатын бір дүние - әкесінің атын қосып сөйлеу. Орыстың отары болғаныңды еске салатын ғажап дүние.