«Отбасы» банкі еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.Сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналар өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады.
Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі, - деді Ләззат Ибрагимова.Айта кетейік, өткен айда Мемлекет басшысы наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде көп ұзамай халық саны 20 миллионға жететінін айтқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Салықтың сұрауын, талабын білмейтініміз, салық маңызын түсінбейтініміздің себебін неде деп ойлайсыз?