Қазақстан Президенті Ұлыбританияның бизнес және сауда істері бойынша мемлекеттік министрі Нусрат Ғаниді қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның мемлекеттік министрі Нусрат Ғанимен кездесіп, Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі және ел экономикасына инвестиция салу көрсеткіші бойынша жетінші инвестор екенін жеткізді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда 550-ден астам британдық кәсіпорын, олардың арасында Shell және Ernst & Young сияқты жетекші компаниялар бар.
Ал екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы жылы 60%-ға артып, 1,8 миллиард долларды құраған.
Біз Лондонмен сауда және инвестиция салаларындағы байланыстарымызды кеңейтуге мүдделіміз. Британдық тараптың да Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ниет танытып отырғанын ерекше атап өткім келеді, – деді Президент.Өз кезегінде Нусрат Ғани құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына ризашылығын білдіріп, Ұлыбритания тарапы екіжақты байланыстарды дамытуға баса мән беретінін атап өтті.
«Адырна» ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Бармақ басты, көз қысты. Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен екі өңірде ТЖД бастығы жемқорлыққа жол берген