Жігітті өз әкесі өлтіруі мүмкін. Шымкенттік тұрғынның өліміне қатысты ақпарат тарауда

3377
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/0dcf3d07-5f6f-4832-8249-85d0f1cb4cfd-960x500.jpeg?token=85e75f4405234674be3fa82d7382fda0
Шымкентте "ұлын өлтірді" деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Astana TV-ге сілтеме жасай отырып. Бірқатар қазақстандық БАҚ беттерінде "жігіттің тамағын өз әкесі кесіп тастаған болуы мүмкін" деген ақпарат тарауда. "Қаратау ауданындағы оқиға орнында жедел-тергеу тобы 28 жастағы азаматтың мойын аймағында жарақат алып, пышақтап өлтірген мәйітін орнатты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған кінәлі адамды анықтауға және ұстауға бағытталған барлық қажетті шараларды жүргізуде", - деп хабарлады Шымкент ПД. ҚР ҚК 99-бабы бойынша "кісі өлтіру"қылмыстық іс тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір азамат іс бойынша басты күдікті ретінде тергелуде. "Баласын өлтірді" деген тұрғын психиатрдың есебінде тұрғаны анықталды.
Пікірлер