Түркістан облысында жоғалған 4 жасар Бақыт Айбардың денесі табылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
4 жасар бүлдіршіннің денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылған.
“Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал мәйіттен зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда”, – делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.Айта кетейік, Түркістан қаласының полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама келген. Сол сәттен-ақ полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеу жұмыстарын бастаған болатын. Алайда Бақыт Айбар өлі күйінде табылды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркістанға қанша рет барсам да, принципті түрде "Венециясына" бас сұқпадым... пыросты тарихты былықтырып, былғағандарын көргім келмейді ше...
