Алматы облысында ата-анасы баласына қойған АИТВ диагнозын мойындамай, емделуден бас тартқан. Салдарынан 9 жасар бала қайтыс болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығына сілтеме жасай отырып.
Белгілі болғандай, 2016 жылы бала ЖИТС орталығында тіркелген, алайда бұл отбасы қажетті медициналық шараларды қабылдамаған.
Дәрігерлердің мәліметінше, ата-ана балаға қойылған АИТВ-инфекциясын мойындамай, дәрігерлердің нұсқаулықтарын сақтап, тиісті шаралар қолданбаған. Сонымен қатар ата-анасының баланың ауруын жасырғысы келгені де айтылды.
Ал өткен жылдың қараша айында тиісті органдар мен дәрігерлер баланы отбасынан уақытша алып кету үшін комиссия құрған, бірақ ата-анасының үзілді-кесілді бас тартуына байланысты бұл әрекет жүзеге аспаған.
Баланың жағдайы 2024 жылдың 9 қаңтарында күрт нашарлап, реанимацияға жатқызылды. Ал 27 қаңтарда бала ауыр иммун тапшылығының әсерінен сепсис пен пневмониядан қайтыс болды.
“Адырна” ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Бүйрегін езіп, бас сүйегін сындырған". Әскерде екі жыл бұрын көз жұмған сарбазға қатысты жаңа дерек шықты