Қазақстандық халықаралық адам құқықтары бюросы төрағасының орынбасары Роза Ақылбекова Қаңтар оқиғасына қатысты есеп берілетінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құқық қорғаушының айтуынша, 12 мамырға дейін Қазақстан БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетіне бірінші кезекте Қаңтар оқиғасына қатысты шұғыл ұсыныстар туралы ақпарат беруі керек.
«Мұнда қанша адамның зардап шеккені туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, әрине жабық мекемелердегі өлім-жітім туралы ақпарат айтылады және Қазақстан оны қалай зерттегені туралы айтады», – деді.
Ақылбекова Қазақстандық халықаралық адам құқықтары және заңдылық бюросы кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ҚР Қорғаныс министрлігі осы мерзімге дейін әскерге шақырылғандардың өлімі туралы ақпаратты дайындауы керек.
Ұқсас жаңалықтар
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт жасар қыздың портреті бейнеленген муралды қайта өшіріп тастады