Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматының балабақшаларының бірінде қатарластарының баланы аяусыз ұрып-соғуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ол балабақшада баланы ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бұл істе ата-аналардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. "Алматының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Диана Ерлан зардап шеккен баланың ауруханада, әжесінің жанында, жағдайы орта дәрежелі ауырлықта екенін айтады. Қазіргі уақытта жағдайдың толық мән-жайы зерттеліп, балалардың мінез – құлқының, қатыгездігінің себептеріне талдау жүргізілуде",- деп жазды Динара Закиева Instagram әлеуметтік желісінде. Еске сала кетейік, 2024 жылғы 23 ақпанда әлеуметтік желілерде таралған кадрларда Алматы балабақшаларының бірінде топтағы бірнеше бала өздері қатарлас баланы аяусыз ұрып-соққаны көрсетілген бейнежазба тараған. Зардап шеккен баланың ата-анасының айтуынша, оқиға 21 ақпанда балалар қараусыз қалған кезде болған. Балабақша басшысы мен тәрбиешісі жазаланып, полиция қылмыстық іс қозғады."Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақтарға "нацист, фашиссіңдер" деген Динара кафесі әлі дөрекілік көрсетіп жатыр" - Бэлла Орынбетова