Жетісуда жүгері элеваторында өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеп.
«Жетісу облысының Алакөл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде 5 тонна жүгері тиелген кептіргіш элеватор өртеніп кетті», - делінген сенбі күні таратқан хабарламада.
Өрттің алдын ала себебі - электр қозғалтқышының қысқа тұйықталуы.
Еске сала кетейік, кеше 8 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Предгорное ауылында астық тиелген элеватор өртенгенін хабарлаған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Әлихан Смайылов, Юрий Ильин және Архимед Мұхамбетовтың өрт аймағындағы жедел жағдай туралы есебін тыңдады