Түркістан облысы, Бәйдібек ауданының 40 жастағы тұрғыны, көпбалалы ана Жансауле Доспанова үш ұлды дүниеге әкелді. Бұл туралы 4 сәуірде облыс әкімінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Нәрестелердің салмағы – 1990, 1975 және 1728 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты»,—делінген хабарламада.
«Бәйдібектік батыр ана» бүгінде 8 баланың анасы атанып отыр. Үшемдерге туыстары Нариман, Нұриман және Нұрман есімдерін қойған. Келіншек үшем босанатынын алғаш естіген кезде қобалжығанын айтады.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 24 егіз бен 1 үшем дүниеге келген.
Ұқсас жаңалықтар
«Бұл жер көпшіліктің «туалеті» емес!». Имам мешіт әжетханасына кірмек болған жұмысшыларды қуып шықты
Түркістанға қанша рет барсам да, принципті түрде "Венециясына" бас сұқпадым... пыросты тарихты былықтырып, былғағандарын көргім келмейді ше...
