Ақтауда 29 тамыз күні сағат 06:02 шамасында 10 қабатты «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешені өртенді. Өртті Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өшірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порта
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес үйдің 1-ден 10 қабатқа дейін 2100 шаршы метрі жанған. Өрттің пәтерлерді шарпып кетуіне жол берілмеген.
”Сағат 06:18 шамасында өрт сөндірілді. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 60 тұрғын (оның ішінде 15 бала) ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. ТЖД қызметкерлері 15 адам эвакуациялады, оның ішінде 8 бала. Зардап шеккендер жоқ”, - делінген Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртке оранған «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешенін «K7 group» құрылыс компаниясы қалпына келтіреді.
Экология министрі жылап тұрды. Бұл көз жас – шарасыздықтың көз жасы. Алдарыңда ар соты, ұрпақ соты, тарих соты тұр деп жыла. Бәрін айтып жыла, елдің зарын айтып жыла.
