"Ауырып қалды" деген қауесеттен соң. Путин Тоқаевқа телефон шалды

2564
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/fbfc91a9-0b53-4bda-b5bd-7bcd4e931761-960x500.jpeg?token=b9a7de43197309b8b5c9be0cb9101472

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген  уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Бұдан бөлек энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Айта кетейік, бұған дейін Путин “ауырып қалды” деген қауесет тараған еді.

Сондай-ақ, Таяуда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Коммерсант» басылымына берген сұхбатында жер тұтастығы мәселесі жөнінде Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіспейтінін мәлімдеген болатын.

Пікірлер