Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тесттен 140 ұпай алды, деп хабарлады “Адырна”.
Ол Ұлттық бірыңғай тестілеуде ирформатика пәнін таңдаған.
«Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі – табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі.
Жәнібек Асқарұлы – арманға жетудің мүмкін екендігін дәлелдеген жастың бейнесі. Оның табандылығы,жауапкершілігі,уақытты тиімді пайдалануы мен өзіне деген сенімі – өзге оқушыларға үлкен үлгі», - делінген Түркістан облысының Білім басқармасының хабарламасында.
Айта кетсек,Жәнібек ҰБТ-ға қосымша дайындалу үшін барған білім беру орталығы өз оқушыларының арасынан бірінші болып 140 балл жинағанға пәтер уәде еткен екен.
Естеріңізге сала кетейік, 16 мамырда елімізде негізі ҰБТ басталды. Тестілеу 7 шілдеге дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
Көңіл көншітпеген нәтиже. Маңғыстау бойынша ҰБТ-да ең жоғарғы балл жинаған оқушы апелляцияға өтініш берді