Бүгін Астана қаласы №93 мектеп-лицейде «Бала үні» жобасын қолдау бойынша «Біздің Дауыс» атты ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ерекше концерті болды.
Іс-шара «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында ұйымдастырылған. Мақсат – ерекше балалардың үнін тыңдау арқылы инклюзивті қоғам қалыптастыруға өзіндік үлес қосу.
Концертте түрлі диагноздағы ерекше балалар өз өнерлерін паш етті. Олардың қатарында психикалық дамуы тежелген, тілдік дамуында ауытқуы бар және мінез-құлқының өзгерісі бар дарынды балалар бар.
«Биылдан бастап бұл іс-шараны дәстүрлі түрде жыл сайын өткіземіз. Сонымен қатар келесі оқу жылынан бастап, мектептің әрбір іс-шарасына міндетті түрде ерекше балалардың орындауындағы екі номерді қосамыз» – деді мектеп директоры Бексұлтан Басықара.

Елорданың жылу электр стансасын - заңгер, жылу транзитін - агроном, қалалық су арнасы мекемесін зоотехник басқарады.
“300 млн теңге залал”: Астанада аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен «Ас-Ай» ЖШС басшысы ұсталды