Президент Тоқаев АЛЖИР мемориалына барды

1907
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/image-12-960x500.png?token=e0f8d6f66e655206c3fef4b5a082f8fb
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Астана қаласының маңындағы АЛЖИР музей-мемориалдық кешеніне барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеп. Президент мемориалға гүл шоқтарын қойып, жазықсыз жазаланған миллиондаған азаматтардың рухына тағзым етті. Қасіретті жылдарда опат болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болған әйелдер туралы тың деректер мен құжаттар сақталған АЛЖИР музейін аралап көрді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылықтың қазақ халқына тигізген орасан зардабына тоқталып, мұндай қайғылы кезеңдердің енді ешқашан қайталанбауы керектігін атап өтті. Еске сала кетейік, Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылы бекітілген.
Пікірлер