Шерзат Полаттың ісі. Басты сот процесі басталды

1648
Adyrna.kz Telegram
Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

2025 жылғы 17 сәуірде Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша басты сот отырысы басталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Резонанс тудырған іс Талдықорғанда қаралуда. Бастапқыда сот отырысы сағат 10:00-де басталуы тиіс болған, алайда бір тараптың адвокаты кешігіп келуіне байланысты отырыс 30 минуттан астам уақытқа кешіктірілді.

Сот төрағасы барлық қатысушыларды сотқа уақытылы келуге шақырып, адвокатқа ескерту жасады. Егер мұндай жағдай тағы қайталанса, оны сотты құрметтемеу бабы бойынша жауапкершілікке тартатынын айтты.

Жоғарғы сот бұл істің онлайн-трансляциясын ұйымдастырған.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында орналасқан “Қамажай” дүкенінде түнгі уақытта жанжал шығып, төбелеске ұласқан. Оқиға салдарынан екі адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, оның бірі – Шерзат Полат алған жарақаттарынан реанимация бөлімінде көз жұмған.

Аталған іс бойынша 9 адам сот алдында жауап беруде. Алдын ала тыңдауда прокурор айыптау актісін жариялап, оқиғаның егжей-тегжейін баяндаған.

Сот процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық отырыстар онлайн көрсетіледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер