Украинадағы қазақстандықтар бүгін түнде Алматыға жеткізіледі

3164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/photo_337499.jpeg

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар Атырауға қарай ұшып шығып, Алматыға түнде келеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстандықтар отырған ұшақ Катовице қаласының уақыты бойынша сағат 10:30-да Атырауға қарай ұшып шығады. Алматыға түнгі сағат 00:30-да келеді деп күтілуде. БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады» делінген ресми хабарламада.
Екінші рейс 1 наурызға жоспарланып отыр. Бүгін Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелуге  бірінші рейс Атыраудан Катовице қаласына (Польша) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі – А321, 179 жолаушыға арналған.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы