BI Group Астанада 1000-нан астам балаға арналған өнер орталығын салып жатыр

1036
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ALDZsfC4kzRJapnTAF5jAgMi5Vq9xkQHY8r7YEhb.jpg

BI Group компаниясы Астана қаласында балаларға арналған ең үлкен музыка мектебін салып жатыр. Бұл туралы құрылыс компаниясының басшысы, белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жалпы ауданы 5000 шаршы метрді құрайтын өнер ордасы күніне 1000-нан астам оқушыны қабылдай алады.

«Біз компанияның 30 жылдығына орай  акционерлермен бірге «BI ART» өнер орталығын сыйға тарту туралы шешім қабылдадық. Орталық оқу орны ғана емес, шығармашылық адамдарының бас қосатын жеріне айналады. Ата-аналар үлкен концерттерге келіп, балаларының өнерін тамашалай алады. Қазір құрылыс қарқынды жүріп жатыр, ол жылдың соңында аяқталады»,—деді ол.

Кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында елорданы туған күнімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді.

«Өсе бер, көркейе бер! Балаларың бақытты, көшелерің жарық, аспаның әрдайым ашық болсын!»—деді Айдын Рақымбаев.

Комментарии
Другие материалы