Рудный қаласының прокуроры ұсталды

1307
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/YRY3Xa7NUd77HZMreIVEtfPtKVwr3v98Mlo5RWsC.webp

Фото: T.me/ Kozachkov offside

Рудный қаласының прокуроры ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бас прокуратура осыған қатысты ресми мәлімдеме жасады. Оқиғаның бүгін, яғни 28 қыркүйек күні болғаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна”.

«Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады», - делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Журналист Михаил Козачков прокурор Мұрат Оспановтың 20 млн теңге пара алып жатқан сәтінде ұсталғаны туралы ақпарат таратты.

«Операцияны Бас прокуратура ҰҚК өкілдерімен бірлесіп жүргізді», - деп жазды журналист.

Комментарии
Другие материалы