Шетелдік саяхатшы әуежайдағы қызметке шағымданған

1306
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0hkcQJv8XUYGK9P4Q6VnB4AFwKRwnx3bQXuehJQ2.webp

Молдова азаматының қазақстандық құқық қорғау органдарының жұмысына наразылығын білдірген видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыланған соң, полиция оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengri Travel-ға сілтеп

Видеода өзін Игорь деп таныстырған ер адам Алматы әуежайында полиция мен шекара қызметінің тарапынан «сыбайлас жемқорлық» пен «заңсыз әрекеттерге» тап болғанын айтып, шағымданған. Ол сондай-ақ құжат рәсімдеу кезінде «велосипедін сындырып», «паспорты тәркіленгенін» мәлімдеген.

Полиция департаменті бұл мәліметтерді тексеріп, оқиғаның нақты мәнісін анықтады.

«Тексеру барысында аталған азаматтың төлқұжатында сәйкессіздік бар екені – кейбір беттердің жоқтығы анықталды. Сол себепті ол қосымша тексеруге жіберілген. Факт расталды», – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Ведомство өкілдері басқа айыптаулар бойынша да тексеру жүргізілгенін айтты.

"Полиция қызметкерлерімен ешқандай жанжал болған жоқ. Велосипедтің сынуы және өзге де мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді", – деп мәлімдеді департамент.

Полиция Игорь есімді азаматпен профилактикалық әңгіме өткізіп, заң талаптарын түсіндірген.

«Келеңсіз жағдай толық түсіндіріліп, шетелдік азамат полиция әрекеттерінің заңды екенін мойындады», – деді ведомствода.

Кейін департамент шетелдік азаматтың өз қатысуымен түсірілген жаңа видеоны жариялады.

«Мен Алматы әуежайындамын. Шекара қызметімен болған түсінбеушілік шешілді. Полиция маған көмектесті, бәрі жақсы. Құқық қорғау органдарына ешқандай шағымым жоқ», – деп мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, Молдова азаматы Қазақстаннан еш кедергісіз өз сапарын жалғастырған.

Комментарии
Другие материалы