Тасмағамбетовтің дәуірі аяқталды ма, әлде енді бастала ма?

851
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/X8a1I4eXigdEOu4e9zYjkt2SXkp6gc02Jmof6m7u.jpg

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бас хатшыны ауыстыруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Иманғали Тасмағамбетовтың өкілеттік мерзімі аяқталуға жақын, сондықтан мүше мемлекеттер жақын күндері оның орнына келетін жаңа бас хатшыны үш жылдық мерзімге таңдайды.

Жаңа кандидатура 27 қарашада Бішкекте қаралмақ. Бұл күні сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері және қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірлескен отырысы өтеді.

«Кездесуде қатысушылар есірткі айналымына қарсы күрес және заңсыз көші-қон мәселелері бойынша ынтымақтастықты талқылайды. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында ұйымға мүше елдердің ортақ қауіпсіздік ұстанымдары көрсетілген декларация қабылданып, 2026 жылы Ресей ұйымға төрағалық еткен кезеңде жүзеге асыратын басым бағыттар жарияланады», - делінген ұйым хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов премьер-министр, Астана мен Алматы қалаларының әкімі, Қорғаныс министрі және Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарған. 

Жақында Тасмағамбетовтың аты украиналық «Миротворец» базасына енгізілді. Онда оны «соғыс насихаты мен Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қолдады» деп айыптаған.

Комментарии
Другие материалы