Берлиндегі кездесу. АҚШ пен Украина келіссөздері 5 сағаттан астам уақытқа созылды

227
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BRawnpm2QnMGr2wXNEbL2p9mQKzorCY5IEzVdUKH.jpg

14 желтоқсанда Берлинде өткен Украина мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөз бес сағаттан астам уақытқа созылды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Украина президентінің кеңесшісі Дмитрий Литвиннің айтуынша, тараптар жұмысты 15 желтоқсан күні таңертең жалғастыруға келіскен. Сондай-ақ ол келіссөздер аяқталған соң президент Владимир Зеленский бұл мәселе бойынша пікір білдіретінін нақтылады.

Кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысты. Тараптар 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспарының мазмұнын талқылаған.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Стив Уиткофф айтарлықтай ілгерілеу болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар бейбіт реттеуге арналған 20 тармақты жоспар, экономикалық мәселелер және өзге де тақырыптар бойынша жан-жақты пікір алмасқан.

«Елеулі прогреске қол жеткізілді, тараптар ертең таңертең қайта кездеседі», — деп жазды ол 14 желтоқсанда X әлеуметтік желісінде.

Зеленскийдің мәлімдеуінше, келіссөздер «бейбітшіліктің іргетасына» және Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге арналмақ.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Ресей президенті Владимир Путинмен Кремльде келіссөздер жүргізген болатын.

Комментарии
Другие материалы