Алматыдан Оралға бағыт алған FlyArystan ұшағы құстармен соқтығысты

239
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PLKG04ZhqZSKlPHPyPynUaeC5GwtXAHWy34UiPrU.jpg

Бүгін, 24 қаңтарда FlyArystan әуекомпаниясының Алматы – Орал бағыты бойынша FS7167 рейсі ұшақ құстармен соқтығысты, деп хабарлайды “Адырна”.

FlyArystan мәліметінше, ұшақ Орал әуежайына қонған соң, инженерлік-техникалық мамандар Астанадан жіберіліп, ұшақ пен оның компоненттерін толық тексерді. Барлық тексеру аяқталғаннан кейін ұшақ эксплуатацияға рұқсат алып, 25 қаңтарда сағат 01:17-де Орал – Алматы бағыты бойынша қайта ұшырылды.

"Кешіктірілген рейстің жолаушыларына ыстық сусындар мен тамақ беріліп, 33 жолаушыға сұраныс бойынша қонақүйде орналастыру қамтамасыз етілді", деді FlyArystan баспасөз қызметі.

Әуекомпания жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – басты басымдық екенін атап өтті. Барлық шара авиациялық қауіпсіздік пен техникалық эксплуатация талаптарына сай қатаң орындалды.

Комментарии
Другие материалы