Қазақстандық банк арқылы көршілес елден өзге мемлекеттерге 7 трлн теңге аударылған

291
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SF2d2Fpq2XoKIZlBw1WquLxFCadQpgNYckkxgSX8.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінен коммерциялық банктердегі заңсыз және күмәнді операцияларға бақылауды күшейтуді талап етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы мұндай операцияларға мысал ретінде көршілес бір елдің миллиардтаған долларды Қазақстандағы белгілі бір банк арқылы сыртқа шығарғанын келтірді.

«Жақында төраға Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілгені" туралы баяндады. Менің ойымша, бұл заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр»,-деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, алаяқтық сипаттағы қаржылық схемаларға қатысты мұндай деректер әлі де аз емес. Алайда ол нақты қай банк және қай ел туралы сөз болып отырғанын атаған жоқ.

Комментарии
Другие материалы