Иран мәжілісінің төрағасы Пәкістанға барды. АҚШ-пен келіссөз бастала ма?

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/427UJbPOpHVouoyG2o0L2lHS5FcnDO2hqUAkb7tZ.jpg

Иран парламентінің спикері Мохаммад Багер Галибаф Исламабад қаласына ресми сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Al Jadeed News агенттігіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сәйкес, Галибаф Тегераннан арнайы ұшақпен Пәкістан астанасында келіссөздер жүргізуге келген.. Сапар барысында негізгі назар Ормұз бұғазы төңірегіндегі жағдайға аударылған.

Пәкістандық БАҚ-тың хабарлауынша, Иран өкілі бұл мәселені америкалық ресми тұлғалармен де талқылаған. Сонымен қатар кейбір деректерде Галибафтың сапары «АҚШ пен Израильдің рұқсатымен» жүзеге асқаны айтылған. Пәкістанның араағайындығымен Иран-Америка келіссөзі туралы да жиі айтылады. 

Алайда бұл ақпараттың ресми түрде расталғаны немесе теріске шығарылғаны туралы нақты мәлімет берілмеген. Сапардың негізгі мақсаты аймақтағы шиеленіске байланысты қауіпсіздік пен логистикалық мәселелерді талқылау болғаны атап өтілуде.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Иранмен Таяу Шығыстағы араздықты толық және түпкілікті шешу мәселесі бойынша өте жақсы әрі нәтижелі келіссөздер жүргізгені туралы жазған еді.

Комментарии
Другие материалы