Соғыс және бейбітшілік. Трамп Иранға шабуылда үзіліс жариялады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AVb7qDgT7yKfOW5nOzFvCYufqHJypsYbsqx2WI8D.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның энергетикалық инфрақұрылымына, соның ішінде электр станцияларына жасалатын соққыларды бес күнге кейінге қалдыруды бұйырды, деп хабарлайды “Адырна”.

«АҚШ пен Иран соңғы екі күнде Таяу Шығыстағы араздықты толық және түпкілікті шешу мәселесі бойынша өте жақсы әрі нәтижелі келіссөздер жүргізді. Осы терең, егжей-тегжейлі және конструктивті келіссөздердің сипаты мен барысын ескере отырып, олар алдағы апта бойы жалғасады. Сол себепті мен әскери ведомствоға Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына қарсы кез келген әскери әрекеттерді бес күнге кейінге қалдыруды тапсырдым. Бұл шешім келіссөздердің сәтті өтуіне байланысты», – деп жазды президент АҚШ-тың Truth Social әлеуметтік желісінде.

Айта кетсек, бұған дейін Дональд Трамп Иранға Ормуз бұғазын 48 сағатта ашпаса, электр станцияларына соққы жасайтынын айтқан болатын.

Ал АҚШ-қа жауап ретінде Иран билігі “егер электр станцияларына соққы жасалса, Ормуз бұғазы толықтай жабылатынын” айтып ескерткен еді.

Пікірлер