Иаков Воронцов ісі. Қазақстан митрополиялық округі пікір білдірді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bGFSLpBF2i2ZOlEH6pdGLnWZf2tJzpCB2DASJUkz.jpg

Қазақстан митрополиялық округі бұрынғы иеромонах Иаков Воронцовқа қатысты қылмыстық қудалау туралы хабардар екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Bes.media-ға сілтеме жасап.

Протоиерей Александр Суворов журналистергге берген жауабында «қылмыстық істерге байланысты шіркеу құрылымдары құқық қорғау органдарына немесе Воронцовтың өзіне қысым көрсетті» деген кез келген мәлімдемені үзілді-кесілді жоққа шығарды.

«Бұған қарама-қарсы барлық мәлімдеме шындыққа сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.

Иаков Воронцов — Орыс православие шіркеуінің Астана және Алматы епархиясының бұрынғы иеромонахы. Ол Украинадағы соғысқа қарсы мәлімдемелерімен және Ресей православ шіркеуін үнемі сынайтынымен танымал болған еді.

Соңғы жылдары Воронцов Мәскеу патриархатына бағынбайтын шіркеу құруға әрекеттенген еді. Алайда ол  Әділет министрлігінен рұқсат ала алмады. Өткен қыста бұрынғы иеромонах бұл шешімді сотта даулаған, біраз уақыттан кейін ол қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары Воронцовқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тақты: 302-бап (есірткі притонын ұстау) және 296-бап (өткізу мақсатынсыз есірткіні сақтау). Ал бұрынғы дін қызметкерінің өзі өзіне қарсы тергеу қолдан жасалғанын мәлімдейді.

Айта кету керек, митрополиялық округ Воронцовтың бастамасына теріс қараған. Олардың пікірінше, Қазақстандағы православие шіркеуі – РПЦ құрамының бір бөлігі және одан бөлек өмір сүре алмайды.

«Канондық юрисдикциядан тыс (соның ішінде басқа патриархатқа жүгіну арқылы) параллель шіркеу құрылымын құруға бағытталған кез келген әрекет жікке бөліну ретінде бағаланады», — деп атап өтті епархия өкілдері.

Сондай-ақ олар православие дінін ұстанушыларды мұндай бастамаларды қолдамауға шақырып, «оларға қол қою немесе қатысу жікшілдікке ортақтасу ретінде қарастырылатынын» ескертті.

Комментарии
Другие материалы