Балтамен жүрген ер адам жұртты шошытты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде балта ұстаған ер адам тұрғындардың үрейін туғызды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға туралы куәгерлер хабарлап, бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мас күйдегі ер адам подъезде жанжал шығарып, бір адамға шабуыл жасаған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаларда оның қолында құрылыс құралы болғаны байқалады.

Аталған жағдайға қатысты Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, 31 жастағы ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Белгілі болғандай, ол танысының пәтерінде жөндеу жұмыстары кезінде алкоголь ішіп, кейін агрессивті мінез-құлық танытқан. Сол кезде қолына құрылыс құралын алған.

Полиция қызметкерлері оның заңға қайшы әрекеттерін дер кезінде тоқтатқан. Кейін подъезде жүрген кезінде ер адам әйнекті сындырып, өзі жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетілген. Басқа азаматтар зардап шекпеген.

Құқық бұзушы қоғамдық орында мас күйде болғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, арнайы қабылдау орнына қамалды.

Комментарии
Другие материалы