Қостанай облысында 43 гектарлық эко-парк салынады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jwbFJX0gGXtv34DQwyxbOSsDCjvLJLbgWEgAY0QA.jpg

Қостанай қаласында жалпы ауданы 43,8 гектар болатын саябақ аймағын пайдалануға беру жоспарлануда. Жоба Мемлекет басшысының эко-парктер құру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы Триатлон паркте жаңа көпфункционалды стадионның құрылысы жүргізілуде. Бұл қаладағы ірі демалыс аймақтарының бірін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүгін аталған спорт кешенінің алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа өңірдің бірқатар ауқымды жобалары таныстырылды.

Қазіргі уақытта орман-саябақ аймағының эскиздік жобасы әзірленіп, келісілген. Аумағында белсенді демалысқа арналған инфрақұрылым қарастырылған: ұзындығы 2,5 км жүгіру және веложол, футбол және волейбол алаңдары, балалар ойын алаңы, заманауи воркаут-аймақ. Сондай-ақ «Астана» жаңа шағын ауданы арқылы өтетін жерасты өткелі көзделген.

«Аймақ тұрғындары үшін демалыс орындары көп болуы қажет. Биыл өңірде 77,3 мың көшет отырғызу жоспарланған, жұмыстар мамыр айында белсенді басталады. Сонымен қатар 37 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу, 31 балалар алаңын салу және ескі, апатты үйлерді бұзу көзделген», – деді өңір басшысы.

Спорт саласын дамыту мақсатында облыс орталығында заманауи көпфункционалды стадион салу жобасы іске асырылуда. Нысанда футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары, бес жүгіру жолағы, жеңіл атлетикалық ядро және секіру аймағы қарастырылған.

Жобаны іске асыру барлық санаттағы азаматтарға спортпен шұғылдану мүмкіндігін кеңейтіп, қолайлы қалалық орта қалыптастыруға және қаланың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында облыста 2024 жылдан бері 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 250-ден астам балалар және спорт алаңы орнатылды, 600-ге жуық заңсыз қоқыс орны жойылды, 1250-ден астам қараусыз ескі ғимарат бұзылды, 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды.

«2024 жылы мен кез келген бос аумақтарда шағын саябақтар мен скверлер салу жөнінде тапсырма берген едім. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан өңірлер бар», – деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы үш жылда облыс бойынша 94 парк пен сквер салынып, абаттандырылды, 420 балалар мен спорт алаңы орнатылды. Сондай-ақ 200-ден астам көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті жөнделді.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 1000-нан астам ескі ғимарат бұзылып, 39 мыңнан астам жарық шам орнатылды. Көшені жарықтандыру деңгейі 2023 жылдан бері 82%-дан 94%-ға дейін өсті.

Елді мекендерді көгалдандыру бағытында да оң жұмыстар байқалады. Аймақты көгалдандыру жоспарына сәйкес 374 мың жасыл желек отырғызылған. 2025 жылы 105,4 мың көшет отырғызу жоспарланса, іс жүзінде 143,9 мың көшет отырғызылды, 136,5%-ға орындалған.

Комментарии
Другие материалы